Енді никаб киюге тыйым салынады

Дағыстан мүфтияты никаб киюге уақытша тыйым салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дағыстан мүфтияты пәтуа бөлімінің қорытындысы негізінде  (фәтуа - исламдағы кез келген мәселеге қатысты мүфти қабылдайтын шешім) уақытша негізде никабтарды (көздің тар саңылауынан басқа бетті толығымен жабатын мұсылман баскиімі - еск.) киюге тыйым салынғанын жариялады. Бұл туралы Telegram-арнада Республика мүфтиінің орынбасары Абдулла Сәлімов мәлімдеді. 

"Мүфти қауіптер жойылмайынша және жаңа теологиялық қорытындыға келгенше никаб киюге уақытша тыйым салу туралы хабарлайды", - деді ол.

"Кавказ ТЖ" Telegram-арнасының мәліметінше, Дағыстан аумағындағы лаңкестік шабуылға қатысушылардың бірінің қолында никаб болған еді. Материалдың авторлары болжамынша, лаңкес оны қылмыс орнынан қашу үшін пайдаланбақ болған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!