"Ұлы Жібек жолы қайта жанданды". Транскаспий дәлізі арқылы алғашқы көлік керуені аттанды

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Транскаспий дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытында алғашқы көлік керуенін салтанатты түрде аттандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Керуен Қазақстанның 8 өңірінен жүріп өтіп, бүгін Құрық портына жетті. Бұл бағыт қазақ-қытай арасындағы сауда экономикалық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді.

"Қытай елінен шыққан жүк көлік керуені мен контейнер пойызы Ақтау мен Құрық порттарына келіп жетті. Олар Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдеріне бет алуда. Бұл Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы. Керуен аттануға дайын", - деді Көлік комитетінің төрағасы Алтай Әлі.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар қос елдің мемлекет басшыларынан кемелердің жүзуіне рұқсат беруді сұрады. Олар рұқсатын берді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!