"Мені де аяшы". Дариға Бадықова жан сырын ақтарды

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі арасында әлсірейтінін, бірақ әлсіз болуға намысы жібермейтінін жазған.

"Құдай құрметімді сенің алдыңда жоғалтпасам екен. Мықты болуға, ешбір сынаққа сынбауға, жан баласына көмектесуге, жұдырықтай жүрегімді кең етіп бердің ғой! Бірақ, затым әйел ғой. Мені де аяшы. Кейде әлсіреймін. Сонда да мықты бол деген намыс кернейді. Арасында көмекке келген жандарды адалынан ете көрші", - деп жазды ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Алматыда жолақы қанша теңгеге қымбаттайды?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз