Елордада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филлиалы ашылмақ

Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филлиалы ашылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл онда 100 студент оқиды.

"Аса құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, аса құрметті Си Цзиньпин, Астана халықаралық университетінің негізінде атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылмақ. Биыл алғашқы 100 студентіміз оқуын бастайды. Филлиалды ашуға дайынбыз", - деді ол Ақордада.

Сонымен қатар, Бейжің қаласында Қазақстанның мәдени орталығы, ал елордада Қытайдың мәдени орталығы ашылады.

"Аса құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, аса құрметті Си Цзиньпин, Қазақстанның Бейжің қаласында Қытай Халық Республикасының Астана қаласындағы мәдени орталықты салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіз", - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!