Петропавл тұрғыны бір аптадан бері табылмай жатыр

Петропавлда бір аптадан бері 56 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

Ол үйінен шығып қайта оралмаған.

"Вячеслав Лаушкин Хименко көшесіндегі №6 үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмады. Белгілері: бойы 170 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ақшыл, көзі көк. Ол қара футболка, қара шалбар, қара көк аяқ киім киген", - деп жазылған мәліметте.

Ер адамның орналасқан жері туралы ақпарат білетіндерден мына нөмірге хабарласу сұралды: +7-747-628-35-51, 8-926-626-64-33 немесе 102.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!