"Түсік жасауға ақша ұсынды". Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің көлігінің үстіне хат жазып кеткен (сурет)

Қарағанды облысының тұрғыны бұрынғы сүйіктісін ұялту үшін оның көлігінің үстіне хат жазып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде көліктің үстіне фломастермен жазып кеткен сурет тарады. Қыз әлі дүниеге келмеген баласының атынан хат жазған.

"Сәлем, әке! Екеуміздің осындай жағдайда танысып тұрғанымыз өкінішті. Осы жолы сен анамды қатты ренжіттің. Анам ренжіген кезде мен бәрін сеземін. Анам сен үшін көп нәрсе жасады деп ойлаймын, ол сені көп кешірді, бірақ сен оны бағаламайсың. (...) Сенің балаң Ихсан", - деп жазылған хатта.

Tengri Life тілшісі хатты қалдырған қызбен сөйлесті.

"Ол мені алдап кетті. Біздің отбасымыз, балаларымыз қандай болатынын талқылады. Мен жүкті екенімді білгенде бар шындық белгілі болды. Бірден емес, бірақ кейін түсік жасауыма ақша ұсынды. Мен бас тарттым, мен бар болғаны 22 жастамын. Көмектесемін деп уәде берді, бірақ кейін жоғалып кетті. Мен оған осылай хат қалдырып, оны ұялтқым келді. Бірақ сурет әлеуметтік желіге тарап кетті. Оның көлігі зақымдалған жоқ, мен оңай өшірілетін және көлік бетін зақымдамайтын фломастер қолдандым",  - дейді жас қыз.

Қарағанды облысының ПД-нің баспасөз қызметі көлік бүлдіргені жайлы өтініш түспегенін айтты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!