БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға келді

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БҰҰ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілдеде таңертең БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға келді.

Бас хатшыны ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Умаров және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Михаэла Фриберг-Строй қарсы алды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриштің Алматыға келгені туралы ақпаратты растады. Ол БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесіне барады.

Ертең, 4 шілдеде Гутерриш Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға барады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!