"Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің кірпіші құйылған": Түркістан облысында жаңа жәдігер табылды

Сауранда жаңа жәдігер табылды. Алматылық археологтар Қарашық өзені маңынан қыш күйдіретін пештің орнын анықтады. Алдын ала болжам бойынша онда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің кірпіші құйылған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Әзірген бұл нысан қай ғасырға тиесілі екені әлі белгісіз.

"Бұл пеш бұзылмай сақталған. Үстіне қамыс тастап, оның үстін су өтпейтіндей етіп жабамыз", - дейді археолог. 

Табылған құмбыздың іргесі бұзылмай сақталған. Қазір зерттеу жүргізіліп жатыр. Мамандар ескі шаһардың өмір сүрген уақытын анықтау мақсатында көлемі 3 метр, тереңдігі 5 метр қазба жүргізіп, оның жасын анықтайтын заттай деректерге қол жеткізген. 

"Мынадай табиғат бар, тарихи орындар бар. Біз мұны туристік орындарға айналдыруымыз керек. Түркістанға келген қонақтарды Керуен сарайға апарамыз, кесенеге апарамыз. Басқа ештеңе жоқ. Жаңа нысан ұйымдастыруымыз керек", – дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!