"Айқайға баспа". Актер Шерхан Пірназар әйелі оның ашық сахналарға түскеніне қалай қарайтынын айтты

Танымал актер Шерхан Пірназар "1001" түн бағдарламасында әйелі жайлы және оның ашық сахналарға көзқарасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер әйелі де осы саладан болғандықтан, түсіністікпен қарайтынын айтты.

"Әйел адамның жаны бір ғой. Өзімнің жолдасым болғаннан кейін, таңдап қосылғаннан кейін, сүйгеннен кейін, сыйлағаннан кейін "осындай сахналар бар, қатты бір ашық саханалар емес, оны енді режиссер өзі көркемдеп, өзінің көзқарасы бойынша жеткізеді, сен басқаша ойлап қалма, бірден айқайға баспа, сабыр сақта" деп алдын ала сөйлесеміз.  6 жылдық тарихы бар отбасымыз, түсінеді ғой. Оған қоса, өзі де осы салада . Ол 7 жыл оқыды. Өзі мықты актрисамен деп айтады. Мықты екеніне еш күмәнім жоқ. Бір жағынан, осы салада бір үйден бір адам жүргені жақсы ғой.  "Асыл арман" деген сериалда мен мейрамхананың қожайыны болдым, ол сол жерде даяршы болып ойнаған. "Сержан братан" сериалында да ойнады",  - дейді актер.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!