Медина қаласында құны 10 миллиард доллар тұратын 250 қолшатыр салынды

Сауд Арабиясы әлемдегі ең үлкен қолшатырды орнату үшін қыруар қаржы жұмсаған. Медина қаласында құны 10 миллиард доллар тұратын 250 қолшатыр салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қолшатырлар Медина қаласының ортасында көше шамдары сияқты орналастырылған. Сауд Арабиясы бұл қолшатырлардың құрылысына ондаған миллиард доллар жұмсаған.

Ең үлкен қолшатырдың биіктігі - 40 метр. Бұл 15 қабатты ғимаратпен бірдей.

Қолшатырлардың ашылуына бар болғаны бірнеше минут қажет. Барлық қолшатыр бір мезетте ашылған кезде ортаның температурасын кемінде 10 градусқа төмендете алады. Әр қолшатырдың астында арнайы салқындатқыш кондиционер орналасқан.

250 дана қолшатыр жаздың аптап ыстығында Медина қаласына келген тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін жасалған. Бұл қолшатырлар туристерді аптап ыстық пен жаңбырдан қорғап қана қоймай, туристер жиі фотоға түсетін туристік танымал аймаққа айналып үлгерді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!