"Өзім түскен сериалды қарауға ұяламын". Танымал актриса сәтсіз рөлдерін мойындады

Танымал актриса, әнші Фариза Ескермес кинодағы кейбір рөлдері өте нашар екенін, сондықтан өзі түскен туындыларды қарамайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бажа" сериалында өз рөлімді сәтті ойнап шықтым деп айта алмаймын. Тіпті, кейін өзім түскен сериалды қарауға ұялдым. Бірақ туыстарым, жақындарым өте сәтті шыққан деп мақтап жатты. Менің ойымша олар үнемі менің әр рөліме солай айта береді", - деді ол Тимур Балымбетовке берген сұқбатында.

Актриса сондай-ақ ешқашан өз-өзіне 100% көңілі толмағанын мойындап, ағынан жарылды.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!