"Филиппин бала күтуші екіжүзді болып шықты". Блогер Карина Оксукпаева қиын жағдайға тап болғанын айтты

Танымал блогер Карина Оксукпаева баласының денсаулығы үшін алаңдайтынын, алайда анализ тапсыруды өтінген филиппиндік бала күтушінің іс-әрекеті оны алаңдатқанын, сол үшін басқа күтуші іздеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз бала күтушіні жұмыстан шығарып жібердік. Бұ өмірімдегі ең біртүрлі тәжірибе болды. Балам ауырып жатқандықтан үйдегі бәріміз анализ тапсыруға мәжбүр болдық", - деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Алайда үйдегі филиппиндік бала күтуші әйелдің реакциясы түсініксіз болыпты. Анализ тапсыру үшін көлік жүргізушісін жібергенде "Менің ұйқым қанбады, есі дұрыс адамсыңдар ма?", - деп жауап берген әйел истерика жасап, қарсы тараппен келісімге келе алмаған. 

"Қысқасы мен оның сондай мейірімді әйелден ашулы адамға айналып кеткенін түсінбедім. Мен оған біздің үйде жұмыс істеу үшін барлық жағдайды жасадым. Бала күтушімен ұзақмерзімді жұмыс істегім келген", - деп видеоүндеу жасады Карина Оксукпаева. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз