"Привет, Андрей!". Қазақтың Шатуновы ресейліктердің жүрегін қалай жаулап алды?

"Привет, Андрей!". Қазақтың Шатуновы ресейліктердің жүрегін қалай жаулап алды?
Фото: YouTube

Жақында ғана қазақтың Шатуновы ретінде танылған жас әнші Жандәурен "Привет, Андрей" бағдарламасына қонаққа барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жандәурен - JazzDauren деген лақап атпен танылған, аз уақыттың ішінде хит әні 80 миллион рет тыңдалған жас әнші. Оны ерекше ән айту стиліне қарап "Қазақтың Шатуновы" деп атап кеткен. 

JazzDauren жақында Андрей Малаховтың бағдарламасына арнайы қонақ ретінде қатысып, ән шырқады. Бағдарлама қатысушылары сахнаға шығып, қазақстандық әншінің әніне тамсана билегенін байқауға болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Novosti Karagandy (@rec_krg)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина