"Тамақ ішпегеніме бір ай болды". Зейнеткерге қамқорлық танытқан жігітке жұрт сүйсінді

Әлеуметтік желіде көмекке мұқтаж зейнеткерге тамақ пен сусын берген жас жігіттің қылығы халықтың ықыласына ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түрлі әлеуметтік эксперимент жүргізетін Ерқанат Кенен бұл жолы бетіне сақал жапсырып зейнеткер қарияның рөлінде қала тұрғындарынан көмек сұрап көрді. Кейбір адамдар қарияға көмек қолын созбағанымен, бургер дайындайтын дүңгіршектегі жас жігіттің әрекетіне жұрт сүйсініп жатыр. 

Блогер жас жігіттің таза көңілі үшін оған 20 мың теңге беріп, видеосын әлеуметтік желіге жариялаған. 

Желі қолданушылары "Мейірімді жандар көп болсын!", "Жақсылығың еселеп қайтсын" деген бата мен жақсы тілек молынан жазылып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз