Ақтауда көлік балалар алаңына бар жылдамдықпен кіріп кетті

Ақтауда көлік балалар алаңына бар жылдамдықпен кіріп кетті
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтау тұрғындары 2 шілде күні көлік жүргізушісі жылдамдықпен балалардың ойын алаңына кіріп кеткенін хабарлады. Оқиғаның салдары видеоға түсіп қалған. Бұл кадрға Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 05:00 шамасында 3-шағын аудандағы N7 үйдің маңында болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Подслушано Актау (@podslushano_aktau12)

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатына кінәлі 2005 жылы туған жігіт екенін хабарлады.

"Ақтау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексінің 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды Ол оқиға кезінде ес-түссіз болған", - деп хабарлады ведомство.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан