"Олардан бәрін күтуге болады". Әлемге танымал қазақстандық сериалдың екінші маусымы түсіріледі

НТК арнасында жарық көрген және аз уақыттың ішінде ТМД елдері, тіпті Америкада танымалдылыққа ие болған "Алаяқтар" ("Мошенники") сериалының жалғасы түсірілуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы сериалда вебкам арқылы қызмет көрсететін басты кейіпкердің рөлін сомдаған актриса Фариза Ескермес Тимур Балымбетовке берген сұқбатында айтты.

"Алғашында сериалдың екінші маусымы түсірілсе, қалай жалғасар еді деп көп ойландым. Менің кейіпкерім түрмеде ғой. Бірнеше жылдан кейін түрмеден шығып кек алуға кірісе ме екен? Мен сценарий жазатын адам емеспін, бірақ олардан бәрін күтуге болады. Қызық болатын сияқты. Мүмкін тіпті жаңа кейіпкерлер болатын шығар", - деп өз пайымын білдірді актриса.

Ал Тимур Балымбетов бұл оймен келіспейтін сияқты.

"Менің білуімше, сен айтқандай болмайды. Жарайды, қалай боларын бірге күтетін боламыз", - деп көрермендерді қызықтырып қойды бағдарлама жүргізушісі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!