Тоқаев пен Си Цзиньпин кешкі ас форматында кездесу өткізді

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин кешкі ас форматында достық рәуіште кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгенін хабарлаған едік. ҚХР төрағасын Астана әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!