Тікұшақтар мен бронетехника: мемлекеттік күзет қызметі күшейтілген режимге көшті

Фото: видеодан алынған кадр

Мемлекеттік күзет қызметі күзетілетін тұлғалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің күшейтілген нұсқасына көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі аясында ҚР МКҚ күзетілетін тұлғалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің күшейтілген нұсқасына көшті.

Мемлекеттік күзет қызметі қауіпсіздік қызметкерлерінің ауадан, жерден және судан қауіпсіздікті қамтамасыз ететіні туралы қызықты видео жариялады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікұшақтар, катерлер мен бронетехника жұмылдырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР МКҚ | СГО РК (@sgork_official)

Еске салайық, 3-4 шілдеде Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан