Қазақстанда рейстердің кешігуіне байланысты call-орталықтардың байланыс нөмірлері жарияланды

Азаматтық авиация комитеті Астана әуежайында әуе кеңістігінің жоғары жүктелуіне байланысты 2024 жылғы 2-4 шілде аралығындағы кезеңге белгілі бір рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты ҚР отандық авиакомпаниялары мен әуежайларына жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда ақпаратты уақ sтылы беру жөнінде тиісті ұсынымдар берілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұдан басқа, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында жолаушыларға көмек көрсету мақсатында 2024 жылғы 2-4 шілде аралығында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді

Рейстің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін жолаушыларға келесі байланыстар арқылы хабарласу ұсынылады:

  • Air Astana + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
  • FlyArystan +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);
  • SCAT +7 7252 99 88 80;
  • Qazaq Air + 7 727 356 14 14;
  • "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ +7 7172 798213.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!