Алакөлде үш туристі жел ұшырып кеткен

Катамаранмен су үстінде жүзбек болған үш турист қайғылы жағдайға тап бола жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туристер Алакөл көлінің жағалауынан алыс жүзіп кеткен, сол сәтте желдің күшеюіне байланысты демалушылар жағалауға өздігінен жете алмады.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келіп, оларды жағаға жеткізді.

Медициналық көмек қажет болмады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!