Астанада автобустардың қозғалыс тәртібі өзгереді

Астанада автобус қозғалысының кестесі уақытша өзгереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі City transportation systems (CTS) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3-4 шілдеде №№ 10, 12, 15, 15А, 18, 19, 21, 27, 28, 29, 29А, 30, 32, 35, 40, 42, 43, 46, 47, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 60, 61, 70, 84, 121, 201 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді. Өзгерту Мәңгілік ел даңғылы бойында көлік қозғалысына шектеу шаралары жүргізілуіне байланысты.

Аталған бағыттардың өзгертілген сызбаларын @cts_kz-тің Instagram Taplink-тен қарауға болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз