"Ағамыз қызын лақтыра салды ма?". Заңгер Абай Бегейдің қызының ісі сотқа кеткенін мәлімдеді

"Алаяқ.нет" жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әнші Абай Бегейдің қызы Ерке Ниязқұлованың ісі сотқа кеткенін мәлімдеді. Заңгер бұл жайлы өзінің инстаграм-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әнші Абай Бегейдің қыздары ұйымдастырып жүрген лотереяға қарсы шығып, оның заңсыз екенін айтты. Заңгер енді іс сотқа кеткенін хабарлады.

"Қызық енді басталды. Ағамыз қызын лақтыра салды ма?

"Лотереяны жасау үшін салық төлейміз" деп құтыла алмайсыздар! Заңсыз лотерея ұйымдастыру бойынша @niyazkulova_erke ісі сотқа кетті!

Мені заң білмейтін заңгер депті. Еске салайын, ол сурет қызыңның ашық кеңістіктегі өз еркімен жариялаған парақшасынан алынды. Қалғанын сотта айтамыз.

Соңына дейін кетсек, кетейік. Попкорндарыңызды дайындай беріңіздер", - деп жазды заңгер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!