Астанада қала күніне орай отшашу бола ма?

Астанада Астана күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында мерекелік отшашу мен дрон шоуы басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Астана күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында 3 шілдеде Ботаникалық бақта отшашулар болады. Отшашу шамамен уақыты 22:00 мен 22:30 арасында өтеді. 

Әкімдік отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатынын атап өтті.

"Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" скверінің аумағынан байқауға болады", - делінген жауапта. 

Еске салайық, 6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында мерекелік Open Air концерті өтеді. Концерт аяғында ұшқышсыз жарық шоуы жоспарланған. Дрон шоуының болжалды уақыты 22:15 - 22:30.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз