"Бұлай тіпті Фариза Оңғарсынова айтпаған". Құрманай Бақтиярқызы жаңа жазбасымен оқырмандарын ашуландырды

"Бұлай тіпті Фариза Оңғарсынова айтпаған". Құрманай Бақтиярқызы жаңа жазбасымен оқырмандарын ашуландырды
Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/

Танымал асаба ақын Құрманай Бақтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, оқырмандарын ашуландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі жақында ата-анасының Павлодарға баратынын, сондағы оқырмандары әншінің әке-шешесінің қолын алып, гүл шоғын тарту етсе, марқайып қалатынын жазған.

"Жақында анам әкеммен бірге Павлодарға барады. Павлодарда оқырмандарым шал мен кемпірге гүл апарып берсе, абыройымды асқақтатса, риза болып қалар едім. Күн ыстықта шөбересіне бесік алып бара жатыр. Ол жақтағы бесік той болатын жердің мекенжайын батасын аламын деген жандарға дайректке жазамын. Алыста жүргенде сіздер арқылы менің жоқтығымды сезбесін. Марқайып қалсын дегенім ғой. Керекүліктер қайдасыңдар?" - деп жазған ол.

Құрманай Бақтиярқызының мұндай өтініші Желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олар жанталасып, түрлі пікір қалдырған.

"Осы айтқаның дұрыс болмады, "менің әке-шешем кетіп барады, гүл алып қарсы алыңдар" дегенің. Сондағы туыстарың қарсы алмай ма? Кім ауырмайды? Соншама өзіңді сала бересің, шет елге барып емдел, біресе өлеңдетіп, билеп, мейрамханада, басыңа біресе жамыласың, біресе қисайтып қалпақ киіп аласың. Бір жағына шығу керек шығар. Жас емессің не болды соншама?", "Оқырмандарынан гүл сұрағаны дұрыс емес", "Бұлай тіпті Фариза Оңғарсынова айтпаған", "Сәл міндеттеу болып сезіледі екен", "Ақынның бұлай гүл сұрауы жарасымсыз", - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Сынған қол неше күнде жазылады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә