Астанада 3-4 шілдеде жедел жәрдем мен ауруханалар қалай жұмыс істейді?

ШЫҰ саммиті кезінде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді.

"Бұл күндері жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада. 

Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін, активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылады", - делінген хабарламада. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз