Төреғали Төреәлі тағы да жұртты шулатты

Төреғали Төреәлі тағы да жұртты шулатты. Әнші әлеуметтік желіде қызық видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда өнер иесі грим жасап, сақалы мен шашын бояғаны көрінеді. Кейін әнші жастар жиналатын жерге барып ән орындайды.

Халық әншінің өнеріне тәнті болып, оның даусынан бірден тануға болатынын айтты.

"Төреғалидың даусын бірден білуге болады", "Түрін қанша өзгертсе де даусынан бірден танып қойды-ау, халық жақсы таниды ғой Төрешті, алтын бала, аман журші тіл көзден, жүрек қой өзі жүрек", "Төреш не істесе де айналасына адам жинала қалады", "Төреғалидің әндерінің мағынасы өте жоғары", "Айналайын ақ Төреш, Атырауда су тасығанда келіп халықпен бірге болған, үйдің кілтін тапсырған асыл азамат!!! Бала шағаңның бақыты мен қуанышына бөлене бер! Ата-анаң, бауырларың аман болсын", - деп жазды олар.

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалған еді.

Тұрғындар танымал адамдардың жарнамасына сеніп, құрылыс компаниясына алданған. DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенінін жарнамалаған тұлғалар арасында елге танымал әнші Төреғали Төреәлі де бар. Бұл жайлы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында көрсетілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!