"Қалыңдық пен күйеу баланы танымайтындар бар ғой". Шымкентте 1200 адам жиналған той жұртты тәнті етті

Шымкенттегі Baiken hall мейрамханасында ең ауқымды той өтті. Оған 1200 адам шақырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тойдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл мерекеде 2 қуанышты жаңалық атап өтілген. Бірі - үйлену той болса, екіншісі - сүндет той.  

"Қонақтың жартысы қалыңдық пен күйеу баланы танымайды ғой. Әдетте мұндай қуанышқа жақындарды ғана шақырады ғой", "Осынша адамды қайдан тапты екен. Бастысы не үшін?" "Мақтанудың тағы бір әдісі", "Мұндай тойдың не қажеті бар. Концертке келген сияқты",- деп жазған пікір қалдырғандар.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!