Алматыда қанша адам күн тиіп ауырған?

Алматыда оннан аса адамға күн тиген, салдарынан тұрғындар дәрігерлерге жүгінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері 1 маусымнан бастап айдың соңына дейін жедел жәрдемге осындай себеппен 16 өтініш тіркелгенін мәлімдеді. Мұндай жағдайға тап болғандар арасында 11 ересек адам, бес бала болды.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: күндіз солтүстік-батыста 28-35 градусқа дейін, солтүстікте 20-28 градусқа дейін, орталықта 22-33 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-36 градусқа дейін, оңтүстікте 33-38 градусқа дейін жоғарылайды. Елдің батысында +35+42 градусқа дейін күн қатты ысиды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!