Жүргізушісі жан тапсырған: Оралда жеңіл көлік жедел жәрдеммен соқтығысқан

Оралда жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 1 шілдеде сағат 22.00-де Черекаев көшесінде болған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ВАЗ-21099 көлігі мен Hyundai маркалы жедел жәрдем көлігі соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан ВАЗ-21099 жүргізушісі ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

Жеңіл көліктің жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!