Жүргізушісі жан тапсырған: Оралда жеңіл көлік жедел жәрдеммен соқтығысқан
![Жүргізушісі жан тапсырған: Оралда жеңіл көлік жедел жәрдеммен соқтығысқан](/userdata/news/news_110790/image_l.jpg)
Фото:
"Мой Город"
Оралда жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 1 шілдеде сағат 22.00-де Черекаев көшесінде болған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ВАЗ-21099 көлігі мен Hyundai маркалы жедел жәрдем көлігі соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан ВАЗ-21099 жүргізушісі ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
Жеңіл көліктің жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова