Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?

2024 жылдың шілдесінде аптасына бес күн жұмыс істейтін  қазақстандықтар 9 күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл Астана күні - 6 шілде сенбіге түсіп тұр. Сондықтан 6 шілде күнгі демалыс дүйсенбі, 8 шілдеге ауысады. Қазақстандықтар үшін 6, 7, 8 шілде күндері демалыс болады.

2024 жылдың шілде айындағы демалыс кестесі:

  • 6 шілде, сенбі: Астана күні;
  • 7 шілде, жексенбі: қарапайым демалыс;
  • 8 шілде, дүйсенбі: қосымша демалыс.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8 шілде қарапайым жұмыс күні болады.

Сонымен қатар 13, 14 шілде, 20, 21 шілде, 27, 28 шілдеде, яғни сенбі-жексенбі күндері қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндеріне шығады.

Елорда күні 1998 жылы Қазақстанның астанасын Алматыдан Астанаға көшіру құрметіне белгіленген. Астана күнін тойлау кезінде бүкіл қалада концерттер, көрмелер, фестивальдар мен спорттық жарыстар өтеді. Елордада дрондар шоуы жоспарланған

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!