"Ақшам бар деп құтырғандар". Көлік ішінде суға түскен блогерлер жұрттың сынына қалды

Көлік ішінде бассейн құрған блогерлер жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

NNN лақапатымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын мен Ерболат Жанабылов көлік ішінде бассейн құрып, видео жүктеді. Кадрларда көлікті су өткізбейтін затпен қаптап, ішіне су толтырғаны көрінеді. 

"Жаздың ортасы болды. Ал сен әлі шомылмадың", - деп жазған блогерлер. 

Желі қолданушылары блогерлердің бұл қылығын сынап тастады. 

"Біреуі тойып секіреді, біреуі тоңып секіреді", "Айыппұл құтты болсын, жігіттер", "Сендер қуайын депсіңдер", "Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. Біреулер нан таба алмай, отбасын асырай алмай жылап жүрсе, біреулер тойынғаннан көлік ішінде суға түсіп жүр", "Қарыны тоқтық, уайымы жоқтық аздырар адам баласын", "Атың шығып тұрса да жер өрте болды ғой", "Ақшам бар деп ойына келгенін істеп құтырғандар", - деп жазған оқырмандар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!