Вице-президент: Дүрбелең туғызғандар заңды жазасын алады!

Түркияның вице-президенті Жевдет Йылмаз елде болып жатқан баскөтерулерге қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Вице-президент Кайсеридегі арандатушылықтарға байланысты "Кім де кім қылмыс жасаса, заң аясында лайықты жазасын алады. Түркияда ешкім заңға қарсы әрекет ете алмайды", - деп қатаң ескерту жасады. 

Сонымен қатар, көшеде, әлеуметтік желілерде арандатушылық мақсатпен және өшпенділік сөздермен дүрбелең тудырып, ұлттық саясатты әлсіретуге тырысатындар ешқашан өз мақсаттарына жете алмайтынын жеткізді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!