Төреғали Төрәлінің қарындасы әлеуметтік желіде екі автокөлік ойнатып жатыр

Танымал әнші Төреғали Төрәлінің туған қарындасы Фариза Төрәлі әлеуметтік желіде "Harmony" күнделігін сатып алған оқырмандары арасында екі автокөлік ойнатып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фариза Төрәлі бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады. 

"Сіздерді әдеттегідей сыйлықсыз қалдырмаймын. Өткен жолы естеріңізде болса күнделігімді сатып алған адамдар арасында бір көлік ойнатқанбыз. Бұл жолы бір емес, екі автокөлік сыйламақшымын. Комфорт класстағы екі көлікті ойнатамыз. Күнделікті көбірек сатып алған сайын жеңіп алу мүмкіндігі жоғары", - деді Фариза Төрәлі. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!