"Екі мишлен жұлдызы бар ресторан". Ерке Есмахан мен Райм қайдан тамақтанып жүр?

Ерке Есмахан мен Райм қазір Францияда қыдырып жүр. Ерке бүгін қандай мейрамханада тамақтанатындары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында "Екі мишлен жұлдызы бар ресторан", - деп фото жариялады. 

Мишлен бағалау жүйесі бойынша екі жұлдыз мейрамхананың тағамдарының тамаша екендігін және ол жерден тамақтануға тұрарлық екендігін көрсетеді.

«Мишлен гиді» ХХ ғасырдың 20-жылдары аса үлкен сұранысқа ие болды. Оның басты себебі – бұл анықтамалықта түрлі мейрамханалардың тағамдары мен бас аспазшылардың жұмыстарына үш жұлдыздан құралған шкала бойынша баға берілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!