"Қалталы қазақ әйелдеріне қайран қалам". Дина Төлепберген 80 миллиард теңге айналымы бар әйелдер кәсібі туралы айтты

Жақында "New Vision" форумына қатысқан танымал тележурналист Дина Төлепберген кәсіптегі қазақ әйелдеріне қайран қалатынын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен қазақ қыздарына қайран қалам деп бекер айтылмаған. Тіпті, трактор шығаруды тізгіндеген қыздардың кәсібінің жылдық айналымы 80 миллиард теңгеден асып жығылады. Қалталы қазақ әйелдеріне қарап бизнесте, кәсіпте, жұмыста гендерлік теңсіздіктің жойылатынына сенемін. New Vision форумында түйгенім осы", - деді Дина Төлепберген әлеуметтік желіге жариялаған видеосында. 

Сонымен қатар, танымал тележурналист видеоның астына форумнан түйген 7 нәрсе туралы жазды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!