"Бұл қалай сонда?". Қарақат Әбілдина соңғы кезде қызық жағдайға жиі тап болып жүргенін жасырмады

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Ақтау қаласына тойға барғанда "Соңғы кезде қызық жәйттарға куә болып жүрмін", - деп не нәрсеге қатты таңғалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Соңғы кезде қызық жәйттарға куә болып жүрмін, осы жолы да жігіт алдына келіп тұрған қалыңдығына гүлін ұсынбады. Бұл қалай сонда?!", - деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Одан кейін күйеуі Қыдырәлі Болмановпен тойда ән шырқаған видеосымен бөлісіп, "Тірліктен кейде шаршасақ та, бір-бірімізден шаршамайық. Шаршасақ тек тойдан шаршайық, жақсыларым", - деп жазба қалдырды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!