Атырау облысында қарақұрттардың шабуылы: зардап шеккендер бар

Атырау облысының тұрғындары қарқұрттың қаптағанына шағымданып жатыр. Мұнда қазірдің өзінде бірнеше адам мен мал зардап шеккен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Atyrau Online сайтына сілтеме жасап.

Индер ауданында қауіпті өрмекшіден барлығы 81 бас мал зардап шеккен. Оның 10-ы ем алып жатыр, ал 23-і өлген.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар арасында да зардап шеккендер бар. 

"Алғашқы дерек 29 мамырда тіркелді. Барлығы тоғыз адамды: жеті ересекті және екі мектеп оқушысын шаққан. Балалар жеті және 15 жаста. Сегіз адам стационарлық, бір адам амбулаториялық ем алған", - делінген хабарламада.

Атырау тұрғындары да қарақұрттарды байқаған. Олар Көктем шағын ауданында пайда болды. Әзірше қалада жәндіктер ешкімді шақпаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!