Танымал әнші Абай Бегейдің келіні қайынапасымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Танымал әнші Абай Бегейдің келіні әлеуметтік желіде қайынапасымен қарым-қатынасы туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біздің елде қайын апа мен келін тақырыбы өте танымал әрі қызық. Бір-бірін жақтырмау, қызғаны деген секілді... Бірақ менің апам бөлек", - деп жас келін қайынапасы туралы жылы жазба қалдырды. 

Бадинұр қайынапасымен қарым-қатынасы әлеуметтік желіде көрсететінінен де жақсы екенін, егер екеуінің сөйлескен жазбасын жарияласа, басқалар қызғанып қала ма деп уайымдайтынын да жеткізген. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз