"Қазіргі ақсаусақ жігіттерге үлгі". Шеберлікпен мал сойған бала көпшілікті таңғалдырды

Әлеуметтік желіде көпбалалы фермерлер отбасынан шыққан кішкентай баланың асқан шеберлікпен мал союы көпшілікті таңғалдырды - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоның астына оқырмандар "Мал соя алмасаң, атқа міне алмасаң, көлік айдағаныңа мәз болма. Оны қыз-келіншектер де айдай алады", "Әкесінен көргенін істеп жатыр, нағыз қазақы тәрбие" деп сүйсініп, пікір қалдырған.

"Мынаны кейбір үлкен адамдар да істей алмайды. Қаршадай бала қарынды теспей қалай түсіру керектігін түгел біледі, қандай керемет", - деп оқырмандардың бір тобы сүйсініп жатса, енді бірі жігіттік мал союмен өлшенбейтінін жазған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!