Петропавлда 10 күн бұрын жоғалып кеткен павлодарлық әлі табылмай жатыр

Петропавлда 10 күн бұрын жоғалып кеткен павлодарлық әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Әділхан Жүсіпов 1975 жылы туған. Оның хабар-ошарсыз кеткеніне 10 күн болған. Белгілері: бойы – 160-165 см, дене бітімі арық, шашы қара, көздері қоңыр", - деп жазылған LIDER.KZ еріктілер қозғалысының хабарламасында.    

Оны көрген немесе қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болса, +7-747-628-35-51, 8-747-810-09-50 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуды сұрайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!