Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасы өртеніп жатыр

Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасы өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда қараусыз қалған, жұмыс істемейтін теміржол ауруханасының екі қабатты ғимаратының екінші қабатында 15 шаршы метр алаңда қоқыс өртеніп жатыр.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!