Ішінде жолаушылары бар шағын автобус каналға құлап кетті

Қырғызстанда ішінде жолаушылары бар шағын автобус каналға құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kg-ға сілтеме жасап.

Оқиға Бішкек маңындағы Қасқа-су ауылында болған.

"Көлік көпірдің астында қалып қойды. Барлық жолаушы көліктің төбесі арқылы сыртқа шығарылып, оларға медициналық көмек көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!