Бір министрлікке хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне хакерлік шабуыл жасалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтар мемлекеттік мекеме қызметкерлерін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығының атынан жазып алдап жатыр. Ол үшін алаяқтар жалған аккаунттарды пайдаланады. Олар өте сенімді көрінеді және қызметкерлердің нақты деректерін қамтиды: тегі, аты, әкесінің аты, суреті. 

"Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті қызметкерлердің ресми мәселелерін шешу үшін қоғамдық мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдаланбайтынын ескертеді. Мұндай алаяқтық деректің барлығын құқық қорғау органдарына хабарлау қажет", - деп жазылған хабарламада.

Егер күдікті қоңыраулар немесе хабарламалар алсаңыз, мына әрекеттерді орындау ұсынылады:

  • Хабарламаның негізгі көзін тексеріңіз: хабардың шынайылығына күмәндансаңыз, ресми веб-сайттарда көрсетілген ресми контактілер арқылы болжамды жіберушіге хабарласыңыз.
  • Күдікті сілтемелерді баспаңыз: алаяқтар деректеріңізге қол жеткізу үшін фишинг сілтемелерді жиі пайдаланады.
  • Жеке деректеріңізді бөліспеңіз: ешқашан жеке ақпаратты, құпия сөздерді немесе банк деректерін мессенджерлер арқылы бөліспеңіз.
  • Күдікті контактілерді блоктау: күдікті хабар алсаңыз, контактіні блоктаңыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!