Құны - 6 миллион теңге: Атырау облысында ерекше Алтын домбыра орнатылды

Атырау облысында елді мекендердің біріне Алтын домбыра мүсіні қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Индербор кентіндегі Арбатқа Абдолла Мұсағалиевке арналған домбыра мүсіні қойылды. Ол - (1934-1971 ж.ж.) талантты композитор, күйші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қызметкері, Дүниежүзілік студенттер мен жастар фестивалінің лауреаты.

"Абдолла ағамыздың есімін мәңгі сақтау барысында оның атында көше бар. Ойлана келе Алтын домбыра мүсінін жасап, халыққа ұсынуды жөн көрдім. Бұл идеяның авторы өзім болғандықтан, эскизін де өзім сызып шығардым. Жалпы (мақсат - еск.) Абдолла есімін есімін жаңғырта отырып, ауыл мәдениетін насихаттау еді", - дейді Индер ауданы әкімі Дарын Шамұратов.

Алтын домбыраны жасап шығуға 6 миллион теңге жұмсалған. 

Домбыра монументін жасауға жергілікті кәсіпкер демеушілік жасаған. Күндіз-түні жарқырап тұрған домбыраның бойынан күй төгіліп, кент халқының зор ықыласына бөленген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз