"7-20-25": несие саны бойынша қай қала көш бастап тұр?

"7-20-25" бағдарламасы аясында 74 620 қарыз берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

27 маусымдағы жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 1,023 триллион теңгеге 74 620 қарыз берілді.

Берілген қарыздың ең көп мөлшері Астана қаласына тиесілі. Қала бойынша 429,8 миллиард теңгеге 27 122 өтінім түскен. 

Алматы қаласында 238,2 миллиард теңгеге 15 221 өтінім түскен. Сонымен қатар, Шымкент қаласында 69,3 миллиард теңгеге 5517 өтінім түскен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!