"Құран оқып, дем салды". Алаяққа алданған танымал әнші 53 миллион теңге қаражаттан айырылған

Әнші Әсем Айнақұлова "Менің өмірім" бағдарламасында алаяққа тап болғанын қалай білгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші 2021 жылы жазда алаяқтың арбауына түскен. Ол алаяққа тап болғанын қай кезде және қалай білгенін айтып берді.

"Алданғанымды бірден түсінген жоқпын. Ақшам да қайтпай жатыр. Қыздар да (құрбылары) ақшаларын жоғалтты. Менің емші әпкем бар. "Бір емші тәте бар, соған баршы" деді. Ол кісі мені құранмен үш күн емдеді. Кәдімгідей дем салып, аластатып, үш күн оқытылдым. Бірінші оқытылған күні сол жігіттің суретімен "тиндерден" құрбыма жазғанын естідім. Екінші күні менің үйімді сатып алған құрбым "не істедіңдер, үй таптыңдар ма, ақшаны не істедіңдер" деп сұрады. Содан мен оған жігіттің суретін жіберемін, сол кезде құрбым скриндер жіберді. Сол суретпен бірнеше сайттарға салып тастаған. Мен осы күнге дейін қарағанда ондай сайттар шықпады. Мен "google"-ге салсам, құрбым яндекске салған. Сөйтіп отырып, мен сол жігіттің нағыз өзінің парақшасын табамын. Сол кезде алаяққа тап болғанымды түсіне бастаймын. Кейін бір жылдың төңірегінде зерттеп, олардың қалай жұмыс істейтінін түсіндім", - деді ол.

Әнші алаяққа алданып, 53 миллион теңгеден айырылғанын айтты.

"Бірінші 100 доллардан бастап салдым. Одан кейін кредит алып, миллион салдым. Одан кейін ол маған "көлігің ескіріп қалған, жаңасын алсаңшы" деді. Көлігімді саттым. Мұның бәрі тез-тез екі айдың ішінде болған нәрсе. Анам оған дейін Талдырқорғандағы үйін сатып, Алматыға көшіп келгісі келіп жүрді. Ол да үйін сатты. Содан кейін барып менің үйім сатылады. Біз жақсылыққа сеніп, ол бізге көмектесіп жүр деп ойладық қой. "Ана ақшаны шығарып алу үшін тағы ақша салу керексің" дейді. Сөйтіп, қарыз алып, тағы салғаным бар. Кейін бәрін есептегенде 53 миллион теңгедей болған.

Бұл мен бұрын-соңды естімеген алаяқтықтың схемасы. сондықтан басқаларды одан құтқарып қалу үшін көпшілікке жария етіп, айтуға тырыстым. Осылайша, олардың басқа да құрбандарын таптым. Маған ешкімге айта алмай жүрген талай құрбандар көмек сұрап жазады. Мен оның ресми емес сарапшысы болып кеттім. Өтірік емес, 200-300 құрбан бар", - дейді Әсем Айнақұлова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!