"Қатерлі ісікпен ауырып, басымда шаш, бетімде қас-кірпік жоқ". Танымал блогер өміріндегі қиын кезеңдерін еске алды

Танымал блогер Қайша Керей әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі қиын кезеңдерін еске алып, әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2018-2019 жылдары қатерлі ісікпен арпалысып, өмірдің ащы дәмін татқан.

"Бұрынғы және қазіргі Қайша.

2018-2019 жыл… Қолтығымда қызым Аржан. Мен де, жолдасым да жұмыссыз. Қатерлі ісікпен ауырып, басымда шаш жоқ, қас-кірпік жоқ, химиядан кейін орамалды басып тағып, Аруканы бесік арбада, Стамбулдың базарын жағалап, сатпаған затым жоқ, оқымаған курсым жоқ кездер-ай… Видеоны көріп бір жылап алдым.

Бәрі экраннан менің ғажап өмірім, 150 миллиондық көлік пен әр қаладағы үйімізді, шетелге саяхатты көріп әр түрлі пікір жазады. Біреулер "Мынадай жағдайға елді тонаған ұрылар ғана жетеді, еңбеккен жету мүмкін емес" десе, енді біреулер "Көлікті несиеге не жалға алған шығар", "Ой, бұлар курс сатып байыған" дейді. Тек еңбегімізді бұрыннан көрген, қалай нөлден көтерілгенімізді көрген оқырман қолдап жатады.

Мен аузымда алтын қасықпен туылмадым. Алла бәрімізді бірдей етіп жаратты. Ары қарай жұлып алып, өз-өзіңді жасауға 100 пайыз мүмкіндік бар.

Өзіме үнемі айтатыным:

Сынаққа сынба! Алға қара! Әрекет жаса! Тірлік қыл! Қимылсыз қалмасаң, Алла бәрін береді!
- Сауданы тастама! Береке осы жерде.
- ⁠Білім ал, тоқтама! Білмейтініңді мойындаудан да ұялма. Білетіндерден үйрен. Білім-тағдырды өзгертеді", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Шенген визасы неше айға беріледі?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!