"Тағдыр ісі". Ақбота Нұр өзінен кіші жігітке тұрмысқа шығуға қатысты ойын ашық айтты

Танымал әнші Ақбота Нұр өзінен кіші жігітке тұрмысқа шығуға қатысты ойын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесінің оқырмандарының бірі одан "өзіңізден кіші жігітке тұрмысқа шығар ма едіңіз?" деген сұрақ қойған. 

"Алла біледі ғой, тағдыр ісі деген бар. Жалпы кім болса да ақылы толысқан, өз жауапкершілігін толық білетін, әйел затының әлсіздігін үстемдік көрсететін себеп ретінде емес, гүлдей қоритын бағбан ретінде шын ықыласымен өміріме келсе деймін", - деп жазған әнші. 

Еске салайық, бұған дейін Ақбота Нұр орындайтын әнді ой елегінен ғана емес, жүректен де өткізіп таңдайтынын айтқан еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!