Атырау облысының аумағы үлкейеді

Атырау облысының аумағын кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министр қаулысының жобасында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3954015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін", - деп жазылған құжатта.

Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін талқыланады.

Атырау облысының шекарасы былай белгіленеді:

  • солтүстік шекарасы Батыс Қазақстан облысының әкімшлік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша;
  • шығыс шекарасы Ақтөбе облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша;
  • оңтүстік шекарасы Маңғыстау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша;
  • оңтүстік-батыс шекарасы Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша;
  • батыс шекарасы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы бойынша.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз